Мұндай шешімді Атыраудың бас санитар дәрігері қабылдады. Алаңдар мен саябақтарға баруға тыйым салынды деп хабарлайды Sputnik порталы.
Мәдени, спорттық және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге болмайды. Театрлар мен көрмелер сол күйі жабық қалады. Билік қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды. Қаланың бас санитар дәрігері Қанат Ғайнеденовтың шектеу шараларының күшейтуіне коронавирус инфекциясынан екі адамның көз жұмғаны себеп болды.
Еске салсақ, Атырау облысында 56 және 69 жастағы екі бірдей пациент коронавирустан қайтыс болды.