Атырауда кішкентай қыз баланы белгісіз бағытта алып кетпек болған 42 жастағы ер адам ұсталды.Бүлдіршінді жергілікті тұрғындар құтқарып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Басылымның мәліметінше, оқиға кеше, 6 тамызда қала маңындағы Көктем шағын ауданында болған.
Азық-түлік дүкенінің жанында 42 жастағы азамат кішкентай қыз баланы қолынан жетектеп алып кетпек болған. Алайда шағын ауданда бәрі бірін-бірі танитын қырағы тұрғындар бейтаныс азаматты дер кезінде байқап, одан қыз баланы тартып алған. Кейін полиция шақырған. “Полиция қызметкерлері дер кезінде оқиға орнына жетіп, күдіктіні ұстады. сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл адам жергілікті тұрғын емес, ол Атырауға жұмыс істеу үшін келгені белгілі болды.