Атырауда коронавирустан 5 әйел қайтыс болды

Атырау облысында коронавирус індетінен бес науқас қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, соңғы бес күнде қайтыс болған науқастар – 1978, 1976, 1960, 1943, 1963 жылы туған әйел адамдар.

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясынан жалпы 14 науқас көз жұмды.