Атырауда полицей шетелдіктердің төлқұжатын тартып алып, ақша бопсалаған. Ол сол үшін бес жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Бекайдаров мәлімдеді. Сот үкіміне сәйкес, криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Р. Зұлқашев өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан және полиция капитаны атағынан айырылды.