Ауғанстанда дипломаттардан басқа қазақстандықтар жоқ. Еліміздің сыртқы істер министрлігі осылай деп хабарлады. Департамент мәліметінше, Қазақстан Елшілігі Кабулда жұмысын жалғастырып жатыр. Елші мен қызметкерлер елде қалады. Айта кетейік, “Талибан” содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алып, Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялады. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан қозғалысына Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қазақстанда тыйым салынған.