Шымкент қаласының әкімдігі БАҚ беттерінде жарияланған Ауғанстаннан келген босқындарды қабылдау үшін мегаполисте орын дайындалып жатыр деген ақпаратқа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Мұндай ақпарат Vera.kz порталында жарияланған. Материалда Шымкентте ауғанстандық босқындарды қабылдауға дайындық жүрізіліп жатқаны, оларды екі ғимаратқа орналастыру жоспарланып отырғаны көрсетілген. Осы ретте Шымкент қаласының әкімдігі ақпаратқа жауап берді. Ведомствоның баспасөз қызметі ауғанстандық босқындарды қабылдау туралы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.