Ауа райының қолайсыздығына байланысты 115 жол жабылды. Оның ішінде республикалық маңызы бар тасжолдардың 39 учаскесі барлық дизельді және қоғамдық көлік түрі үшін жабық. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құтқарушылардың мәліметінше, кейбір өңірде жолға шыққан көліктер тұрып қалған. Қарағанды облысында Теміртауға шыққан 57 техника тұрып қалды. Соңғы тәулікте құтқару бөлімшелері Қостанай облысында 7 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып, эвакуациялады. Уақытша жылыту пунктеріне 56 адам жеткізілді, оның 11-і бала. Жолаушылардың көпшілігі Ақмола облысынан.