Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ауруханада түсірген видео жариялады.
“Алты күннен бері ауруханада жатырмын. Қазір жағдайым жақсы. Мен COVID жұқтырған жоқпын. Стресс салдарынан ағзамда аллергиялық реакция болды”, – деді Илья Ильин видеода.
Чемпион дәрігерлерге алғыс білдірді. “Сіздерге оңай емес, біз мұны түсінеміз. Қазір халық дәрігерлерге зор үміт артып отыр” – деп жазды ол.