Мәжіліс алаңында журналистер “Ауыл” фракциясының мүшелерінен құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің Қарақат Әбденге жолдаған депутат құқығынан айыру петициясы туралы сұрады. Дина Таңсәрі ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтен Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің мандатын қайтарып алуды талап етті. Оған Әбденнің Қазақстанда шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы мәлімдемесі себеп болды. Бұл ұсынысты депутат президенттікке кандидат болып жүргенде теледебат кезінде айтқан еді. Баққожаев фракция депутаттарға пікір білдіруге тыйым сала алмайтынын айтты. “Фракцияның ұстанымы басқа, депутаттың ұстанымы басқа. Сондықтан бұл мәселе фракцияда қаралып жатыр”, – деді.