Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты бірқатар ұсыныс жасалды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында партияда жоқ азаматтардың да саяси өмірге араласуына мүмкіндік жасау қажеттігі айтылды. “Ауыл әкімдеріне қойылатын талап жеңілдеу болса дейміз. Ол 25 жасқа толған азамат болуы керек. Сонымен қатар тиісті елді мекенде үш жыл тұрақты тұруы, жоғары немесе орта арнаулы білімі болуы шарт”, – деді кеңес мүшесі Максим Споткай. Қоса кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында ауыл әкімдері сайлауын өткізу қажет екенін айтты.