Қазақстан ауыр атлетика федерациясы атлет Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсап көз жұмған соң арнайы комиссия құрып, тексеріс бастады. Тексеріс кезінде ұлттық құраманың аға бапкері Сергей Седов уақытша қызметтен шеттетілді. Жаттықтырушының құрамаға оралу-оралмауы комиссияның қызметтік тексерісінен кейін белгілі болмақ. 17 қыркүйекте ауыр атлет Альберт Линдер 25 жасында Талдықорғанда өзіне қол салып қайтыс болған соң марқұмның бауыры Семен Линдер мен басқа да ауыр атлеттер бұл қазаға аға бапкер Сергей Седовты айыптаған.