Алматыда болған автобус апатынан зардап шеккен 9 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Бәрінің де жағдайы орташа, тұрақты. Бұл туралы бүгін қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Зардап шеккендердің арасында тоғыз жасар бала бар. Ол жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы диагнозымен балалар, жедел медициналық жәрдем орталығының нейро-хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Апат орнынан жедел жәрдеммен жеткізілгендер медициналық көмектен кейін, тұр-ғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге жіберілді. Айта кетейік, екі қоғамдық көліктің соқтығысуынан 21 адам зардап шекті. Бір жаяу жүргінші қаза тапты. Қазір тергеу жүріп жатыр.