Елімізде қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 11 мыңнан астам заң бұзушылық жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды. – Сонымен қатар 25 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарса, қарсы жолаққа шығу бойынша 52 жағдай тіркелді. Автобус парктерінің 136 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рұқсат етілмеген 76 тұрақ жабылды, – деді ҚР ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз. Бұдан бөлек жылдамдықты асырғаны үшін 264 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.