Автопарк автобус апатынан қос аяғынан айырылған қызды өмір бойы қамтамасыз етеді. Астаналық №1 автопарк өкілдері осылай деп уәде етіп отыр. Мекеме басшылығы Алуа мен оның отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алды. Қыздың отбасы заңгерлер мен экономистерді шақырып, инфляцияны ескере отырып, барлық қажетті шығынды есептеп жатыр. Есептеулер аяқталғаннан кейін автопарк төлемдерге қатысты ресми келісімшартқа қол қоюды бастайды.