Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Тілек Жанғарашев соталды тергеп-тексеруге қатысты өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін айтты. Еске сала кетейік, былтыр жазда киностудиядағы шеберхана цехы мен түсірілім алаңы өртенген болатын. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Ал киностудия президенті Ақан Сатаев болса, “өрттің әдейі жасалғаны анық” деді. Кейін өздігінен жану нұсқасы толығымен алып тасталды. Себебі қоймада жанғыш материалдар болмаған. Кейін алдын ала шығын сомасы айтылды. Ол – 48 981 130 теңгеге тең. Нақты есеп әлі күнге дейін айтылған жоқ. Осы оқиғадан кейін киностудияға кіру тек рұқсат қағаздарымен немесе алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.