Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлайды. Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында «Автомобилист» командасының сапында ойнаған. Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар, алматылық «Қайраттың» сапында ойнады. Ойын мансабын аяқтаған соң «Қайрат» командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет атқарды.