Алматыдағы Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиядан айырылды. Енді ЖОО білім беруді тоқтатуға міндетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын (Алматы қаласы) бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Шешім 10 жұмыс күні өткеннен кейін заңды күшіне енеді, кейін жоғары оқу орны білім беру саласындағы қызметін тоқтатуға міндетті болады.
“Біз Академия иелері қарсылық танытуы мүмкін екенін түсінеміз. Олар Комитеттің шешіміне сот тәртібі бойынша шағымдануға құқылы. Біз Мемлекет басшысының сапалы білім беруді қамтамасыз етпейтін жоғары оқу орындарын жабу бойынша қойған міндеттерін іске асыруға тиіспіз. Бірінші кезекте, студенттердің сапалы қызмет алу құқықтары мен мүдделерін ескеріп жатырмыз. Оларға алаңдауға еш себептері жоқ. Білім алушылар сол қаладағы басқа жоғары оқу орындарына грантын сақтай отырып, ауыса алады, сондай-ақ ақылы негізде оқығандар үшін де оқу құны артпайды. Ауысу үшін оларға семестрдің аяқталуын күтудің қажеті жоқ, біз қазірден бастап басқа ЖОО ауысуға рұқсат бердік. Сонымен қатар студенттердің оқу нәтижелері де сақталады және ауысып барған жоғары оқу орнында ескеріледі”, – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.