Қазақстанға да бір Маск керек: Әшімбаев бюджетті үнемдеуге көшкен Американы мысал етті

Қазақстанға да бір Маск керек: Әшімбаев бюджетті үнемдеуге көшкен Американы мысал етті
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкімет мүшелеріне тиімсіз шығындарды қысқартуға көшкен АҚШ-тың жаңа саясатын мысал ретінде келтірді. «Қазір көбіміз Америкада не болып жатқанын, жаңа әкімшілік қандай шаралар қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Олар Илон Маск басқаратын жаңа министрлік құрды. Үкіметтің тиімділігін арттыру жөніндегі министрлік деп аталады. Қазір осы министрлік бюджетті қысқарту мәселесімен айналысып жатыр. Әр мемлекеттік органға талдау жасап, тиімсіз деп санаған дүниелерді алып тастап, бюджетті қысқартып жатыр. Олар қанша ақша үнемдейтінін байқап көрейік. Әрине, бізге ешкімнен ештеңе көшірудің қажеті жоқ. Бірақ шығыстарды тиімді жұмсау мәселесіне біз де назар аударуымыз қажет», – деді Әшімбаев. Оның айтуынша, кірісті шығыспен теңестірудің екі жолы бар. Біріншісі, Үкімет ұсынған салық реформасы есебінен табысты молайту, екіншісі – шығыстарды азайту.