Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер науқастарды емдеуге тікелей атсалысады. 32 жетекші маман COVID-19 қарсы күресте практикалық және консультациялық қолдау көрсетеді. Мәскеуден арнайы рейспен ұшып келген дәрігерлер делегациясы Нұр-Сұлтанда және басқа да өңірлерде жұмыс істейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Өткен айда екі елдің үкімет басшыларының арасында тиісті келісімге қол қойылған болатын.