Жетісу облысы Қаратал ауданы Достық ауылындағы өз үйінен ауыр атлетикадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарына қатысушы Владимир Седовтың мәйіті табылған. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты. Биыл наурызда Седов 35 жасқа толған. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың маусымның 27-сіне қараған түні өлгенін хабарлады. Полиция хабарына қарағанда “мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған”. Туыстары өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан. Департамент баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің “Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.