Қазақстан БҰҰ-ның есірткіге қарсы басқармасының жаңа мүшесі болып сайланды

Қазақстан БҰҰ-ның есірткіге қарсы басқармасының жаңа мүшесі болып сайланды. Мұндай шешім Нью-Йоркте өткен БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысында қабылданды. Еліміз Азия-Тынық мұхиты тобы жөніндегі комиссияға қосылды және оның мүддесін 2029 жылға дейін қорғайды.Топтың негізгі міндеті – есірткіге қарсы күрес жөніндегі келісімдердің орындалуын халықаралық қадағалау. Сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Естеріңзге сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі өндірушілерге жазаны қатайтатын, есірткіні жасырын орналастырушыларға қолданылатын шараларды жұмсартуды қарастыратын заңға қол қойған еді.