Іс-шара аясында жұмыс тобы құрылды, ол қор қызметінің тұжырымдамасын әзірлейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қызметкерлерді, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыны аударуға мәжбүрлеуге үзілді-кесілді келіспейтінін білдірді. “”Қазақстан халқына” қоры тек жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан қалыптасатынына тағы да назар аударамыз. Қорға өз үлесін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс білдіреміз. Өз тарапымыздан көмекке мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз!” – деді қамқоршылық кеңесінің мүшелері. Естеріңізге сала кетейік, 16-19 қаңтар аралығында қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге, 75 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден 19,2 миллиард теңге түскен.