Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті қаулыға қол қойды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуі тиіс. Айта кетейік, үкіметтің құрамында 18 министр бар. Олардың екеуі әйел – мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Ал ең жас басшы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жаста). Егде жастағы министр – ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста). Қазақстандық министрлердің орташа жасы – 49,7.