Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің келіссөзін тоқтатты

Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің келіссөзін тоқтатты
Оңтүстік Кореяның Ұлттық қорғаныс министрлігі 5 желтоқсанға жоспарланған Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің арасындағы келіссөздердің тоқтатылғанын хабарлады, – деп хабарлайды The JoongAng басылымы. Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі мәліметінше, кездесудің тоқтатылуы қазақстандық тараптың сапардан бас тартуымен байланысты болған. “Тараптар қазіргі жағдайды ескере отырып, іс-шараны тоқтату туралы келісімге келді”, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің өкілі. Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі отставкаға кететінін жариялаған.