Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан мен Қытай арасында теміржол арқылы тасмалданған жүк көлемі артты. Биылғы жылдың 11 айында 29,3 млн тонна тауар тасымалданды. Бұл былтырмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Сонымен қатар контейнер тасымалы да 1 миллионнан асты. Енді 2025 жылы елдегі инвестициялық климатты қалыптастыру мақсатында теміржол инфрақұрылымының аясы кеңи түседі. Қазір ел аумағында Достық-Алашанькоу, Алтынкөл-Қорғас, Бақты-Аягөз сияқты бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Осының арқасында қазақ-қытай арасында транзиттік пойыздар саны көбейеді. Достық-Мойынты теміржолы құрылысы аяқталғанда ондағы бекеттердің өткізу мүмкіндігі 4 есеге дейін ұлғайып, тәулігіне 60 пойызға дейін қатынайды