Қазақстан нарығына корей кеспесі қайта оралады. Бірақ оның бірнеше шарты бар деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. Ел аумағына әкелінетін өнімдер кеден одағының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттеріне сәйкес келуі және генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГМО) мазмұны бойынша таңбалау талаптарын бұзбауы керек. Комитет республикада жарамсыз өнімдің сатылуына шектеу енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Шектеу талаптарын бұзғандар, корей кеспесін сатуды жалғастырған кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылады. Еске сала кетсек, 14 қазаннан бастап Қазақстан генетикалық түрлендірілген сояның жоғары құрамына байланысты “Оттоги Рамен” компаниясының кеспесін әкелуге, сатуға тыйым салды.