Қазақстан нарығына Starlink-тің қытайлық бәсекелесі шығады

Қазақстан нарығына Starlink-тің қытайлық бәсекелесі шығады
«Астана» халықаралық қаржы орталығында жарғылық капиталы 17 млн доллар болатын Spacesail Kazakhstan Limited атты компания тіркелді. Ол қытайлық спутник интернеті провайдерінің еншілес ұйымы. Бұл жүйені мемлекеттік Shanghai Spacecom Technology компаниясы жасаған. Оны Илон Масктің әйгілі Starlink-тің бәсекесі ретінде қарастырады. Қытайлық тарап спутниктік интернетті жергілікті байланыс арналарымен біріктіру үшін елде арнайы станциялар орнатуға дайын екенін білдірді. Қазақстан спутниктік технологияларды белсенді түрде дамытып жүр. 2025 жылы республика нарығында OneWeb және Amazon Kuiper тәрізді спутниктік интернет провайдерлері келуі жоспарланып жатыр.