Брэндон Боченски америкалық Гранд-Форкс қаласының мэр лауазымына сайланды, бұл туралы ktk.kz телеарнасы хабарлайды.
Бұрынғы хоккейші, қазіргі бизнесмен Боченски сайлауда осы қызметте ұзақ отырған Браунды, қалалық иммиграция қызметінің қызметкері Робин Дэвидті жеңді. Боченски 5663 дауыс жинады, немесе 49,62%. Браунда 3360 дауыс (31,81%), ал Дэвидте 1989 дауыс (17,43%) болды.
Айта кетейік, Боченски Қазақстан құрамасында болғанда үш әлем чемпионатында өнер көрсетіп, оның капитаны болды. Ұлттық команда құрамында ол 15 матч өткізіп, 12 ұпай жинады.