Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, еліміздің өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісі болған жерде жедел іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.