Қазақстанда 1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттамақ
Қазақстанда 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиясының бағасы көтерілуі мүмкін. Оған Энергетика министрлігінің электр энергиясына шекті тарифтерді бекітуі себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Тәжікстанмен электр энергетикасы саласында Рогун су электр станциясынан электр энергиясын сатып алуды көздейтін 20 жылдық келісімге қол қоятыны туралы жазған едік.