Жылу электр станцияларының шекті тарифтері оларды жаңғыртуды қаржыландыру үшін орта есеппен 15%-ке артады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов мәлімдеді. Қазақстанда 45 энергия өндіруші ұйымның (ЭӨҰ) 37-сінің шекті тарифтері 1 сәуірден бастап ұлғайтылатын болады. Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде берілген өтінімдердің негізділігіне талдау жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар мен талқылаулардың нәтижесінде станциялардың шекті тарифтерінің мәлімделген деңгейінің арту үлесі екі еседен астам төмендетілді.