Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Бұл қадам жұмысшылардың беделін арттыру жолында жасалып жатыр. Мұндай қаулыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады. “Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін. 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын. Қазақстан үкіметі жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын”, – делінген президент қаулысында. Жарлықтың орындалуын бақылау президент Әкімшілігіне жүктелді.