Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде 9 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмды. 11 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 432 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 570 пациент стационарда, 13 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Жалпы науқастар арасында 231 адамның жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы өте ауыр. 37 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.