Қазақстанда АИ-92 400 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда АИ-92 400 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін
Қазақстан жанар-жағармай бағасын еркін жүзуге жіберуге ниетті. Бұдан соң жанармай қымбаттай бастайды, бірақ Энергетика министрлігі бағаның көтерілуі бірден емес жәймен болады деп уәде берді. Белгілі экономист Алмас Шоқин бұл процесс тек жәймен ғана емес, болашақта айқын сезілетіне сенімді. digitalbusiness.kz берген сұхбатында ол елдегі отын Қырғызстан мен Өзбекстандағы бағаға дейін өсетініне сенім білдірді. Естеріңізге сала кетейік, көрші елдерде АИ-92 тиісінше 385 және 489 теңге тұрады. Жанармайдың нарықтық бағасы елге тапшылықты болдырмауға, мұнай өңдеу зауыттарының дамуына жағдай жасауға және экономикаға жағымсыз әсерлерді азайтуға мүмкіндік береді. Алайда, Қазақстан үшін еркін бағаға көшу халыққа осындай өзгерістердің қажеттілігін түсіндіруді қоса алғанда, елеулі күш-жігерді талап етеді.