Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергені үшін мемлекеттік баждың сараланған ставкаларын енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда қолдады. Құжатты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды. Министр төлқұжат құны бет санына қарай өзгеретінін айтты. Егер біреу 36 беттік құжат алғысы келсе, бір соманы, 24 бет болса, басқа соманы төлейді,- Әлібек Қуантыров.