Қазақстанда белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат жалған. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі осылай деп мәлімдеді.
Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары қазақ елінде коронавирустан да қауіпті пневмония тарағаны туралы мәлімет таратты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Аурулардың халықаралық тізіліміне – АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізді.
Мысалға, «күңгірт шыны» симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде дагностикаланады, бірақ зертханалық түрде расталмайды.
Қазақстан өзге елдер сияқты осындай пневмония түріне мониторинг және есеп жүргізеді деді ведомстводан.