«Қаңтардағы оқиғалар азаматтардың, оның ішінде қызметкерлердің өзінің және жақын туыстарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық беріп, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша шара қабылдау қажеттігін көрсетті. Осыған орай, депутаттар құқық қорғау блогымен бірлесіп, күштік блок қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын, олардың басшыларының жауапкершілік деңгейін, әлеуметтік қамтамасыз етуді күшейту, ынталандыру және олар үшін уәждемені арттыру бойынша бірқатар түзетулер әзірледі», – деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Гүлнар Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында.