Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 26 қыркүйек күні 1878 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. Одан бір күн бұрын 32 адамға “ковидтектес пневмония” диагнозы қойылған. Сол күні коронавирустың тағы 35 адамның қайтыс болғаны мәлім болған. Бірақ алдыңғы күндермен және айлармен салыстырғанда коронавирус көрсеткіштерінің төмендегені байқалады. Күнделік науқас саны маусымның соңынан бері 2 мыңнан төмен түспеген. 26 қыркүйектің дерегінше, бұрынғыша Алматы қаласы аймақтар көшін бастап тұр.