Қазақстанда дәрілерді алып-сатумен айналысқандар ұсталды

Қазақстанда дәрілерді алып-сатумен айналысқандар ұсталды. Бір күнде дәрілерді заңсыз сатқан 76 адам анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Препараттарды заңсыз сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында анықталған. Олардан 20864 дәрілік зат, оның ішінде глюкоза мен ферсинол тәркіленді.

2600-ден аса ацетилосалицилол қышқылы, оның 654 орамы парацетамол және тағы басқа дәрілер алынды деді министр.