Қазақстанда дизель отынына дифтариф енгізілді

Бұл тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты дизель отынына сараланған бағалар. Энергетика министрлігі бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес Аи-80 маркалы бензин бағасы бұрынғы деңгейде 89 теңге боп қалды. Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин бағасы: Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 187 теңге, еліміздің басқа облыстарында литріне 182 теңге. Дизель отынының бағасы литріне 450 теңге болады.