Қазақстанда екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы жаңа үйлерден жылдам өсіп жатыр.
Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қаңтар айында жаңа үйлер 1,3%-ға, екінші нарықтағы үйлер 1,5%-ға қымбаттаған. Жылдық көрсеткіш бойынша жаңа үйлердің бағасы 4,1%, ал екінші нарықтағы үйлердің бағасы 6,1% өсті. Бұл көрсеткіштер құрылысшыларға арналған салық жеңілдіктерінің өзгеруімен тікелей байланысты. Осыдан кейін тұрғын үй сатушылар да бағаны көтеруге көшкен.