Қазақстанда енді 42 500 теңге берілмейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz
“Ұлттық банк қажет қаржыны берді. Нәтижесінде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры 332 миллиард теңге активін жұмсап, 4,6 миллион адамға төлем аударды. Бүгінде бұл қордың мүмкіндігі шектеулі” деді Нұрымбетов.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты енгізілген Төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылғандар екі ай бойы 42 500 теңгеден алған еді.