Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай деп мәлімдеді. Инфляцияның деңгейі 6 процент дегенге сенбеймін. Мұндай сандық көрсеткіштерді айтатын шенеуніктерді жетектеп базарға апару керек. Одан бөлек, ай сайын коммуналдық төлемдердің чегін көрсету қажет, – деді депутат. Айта кетейік, мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев келер жылы инфляция көлемі 4-6 процент көлемінде болады деген еді. “Үкіметтің дерегімен келісе алмаймын. Ұлттық банкінің қателіктері байқалады. Олардың базалық мөлшерлемесі жоғары. Оны төмендетудің орнына 9,5 пайызға көтеріп қойды. Сол себепті елде несие пайыздары жоғары. Мұның бәрі шағын несие алған кәсіпкерлерге, ипотека алған қарапайым халыққа ауыр тиіп тұр”, — дейді депутат. Қоса кетейік, Ұлттық банк шілдеде және қыркүйекте базалық ставканы 9 -дан 9,5 процентке дейін екі рет көтерген.