Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды, келесі айда нақты тарифтер белгілі болады. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Қосымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 1 шілде күні коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруге тыйым салған мораторийдің мерзімі аяқталған. “Біздің ойымызша, қыркүйек айында қолымызда нақты сандар болады. Жалпы, қымбаттайды”, – деді Қосымбаев. Оның сөзіне қарағанда, тарифтер халықтың қалтасына салмақ түсетіндей бірден кымбаттап кетпейді, біртіндеп көтеріледі. Әрбір аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да ескеріледі.