Қазақстанда электромобильдердің саны бір жылда 65% өскен

Дегенмен олардың саны 812-ге ғана жетті. Елдегі электрмен жүретін көліктердің үлесі жалпы парктің елеусіз 0,02%-ына тең. Бұл туралы Finprom.kz жазды. Өңірлік тұрғыда аралас отынмен жүретін жеңіл автокөліктердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелген. Екінші және үшінші қатарда Ақтөбе және Түркістан облыстары орналасқан. Ал электромобильдердің басым бөлігі Алматы тұрғындары арасында тіркелген: Қазір мегаполисте осындай 420 автокөлік бар. Екінші қатарда Солтүстік Қазақстан облысы, үздік үштікті Астана қаласы түйіндеді.