Қазақстанда күн суытады

Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлады. Синоптиктердің айтуынша, Мәскеуден келген антициклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді, сондай-ақ жауын-шашын тоқтайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Сондай-ақ, “Қазгидромет” алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты. Қолайсыз ауа райы елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптаның соңына дейін сақталады. 30 наурызда түнде Алматыда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды.