Қазақстанда онлайн оқу 2022 жылға дейін ұзартыла ма?

Қазақстанда онлайн оқу 2022 жылға дейін ұзартыла ма? Министрлік мұндай ақпарды жоққа шығарды деп хабарлайды Stopfake.kz. Желіде жалған хабарлама тартқан автордың айтуынша, оқушылар 2021 жылдың қараша айында ғана мектепке оралады. Ол қашықтан оқыту форматы келер жылға дейін жалағасатынын мектепте жұмыс істейтін таныс мұғалімдерден естігенін айтады.

БҒМ баспасөз қызметінің түсіндіруінше, екінші тоқсанға байланысты денсаулық сақтау министрлігі шешім шығарады. Сәйкесінше, бас санитария дәрігері тиісті қаулы қабылдайды. Тек содан кейін ғана келер тоқсанда оқушылар сабақты қандай форматта оқитыны белгілі болады. Министрлік жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге үндеді.