Қазақстанда пара беретіні туралы сөз қозғағандар жауапқа тартылмақ
Қазақстанда болашақта пара ұсынғандар жазаланады. Ұсынылған заң жобасы пара алуға келісу, пара сұрау немесе талап ету, сондай-ақ пара уәде ету немесе ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді қарастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов жедел-іздестіру қызметінің барлық нәтижесі заңға сай жүргізілетінін айтты.
“Жауапкершілікке тарта отырып, бұл ең алдымен профилактикалық әсер екенін бірден атап өткім келеді. Біз халықаралық тәжірибені қарадық, ондай фактілер бар. Ең бастысы, бұл алдын алу шаралары – бұл жерде прокуратура мен сот тарапынан қадағалау мәселелері де бар екенін атап өткен жөн. Яғни, мәселе профилактикалық сипатқа ие”, — деп жауап берді Сарқұлов.