Қазақстанда пара уәде еткен, ұсынған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Заң жобасы аясында елімізде пара беруді талап еткен, уәде берген немесе ұсынған тұлғаға қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Бұл туралы мәжілістің Telegram-дағы арнасы хабарлады. “Бұл мәселенің күн тәртібінде тұрғанына 15 жылдан асты. Тиісті заңнамалық шараларды қабылдау қажеттігі 2008 жылдың мамырында Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында көрсетілген болатын. Осыған ұқсас ұсыныстар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының баяндамаларында да бар.