Қазақстанда сатылатын дәрі-дәрмектің саны шектеледі. Бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде ғана сатылады. Өйткені ем-дом курсына осынша ғана препарат қажет. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол үшін әкімдіктермен және бөлшек сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасалған. Ал бір үйде бірнеше адам ауырса, дәрі-дәрмекті сату жағынан шектеу болмайды. Препарат дәрігердің рецепті бойынша беріледі.